Әлем кубогі: Ел құрамасы шорт-тректен жеңімпаз атанды

Қазақстан құрамасы шорт-тректен Астанада өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогінің кезеңінде бірінші орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет мәлімдеді.

Отандастарымыз аралас командалық эстафетада жеңіске жетті.

Оңтүстік Корея екінші орынға ие болса, ал үздік үштікті Қытай құрамасы түйіндеді.

Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының екінші кезеңі Астанада 13-15 қараша аралығында "Алау" мұз сарайында өтіп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҰОК
Өзгелердің жаңалығы