Әлем кубогі: Әнел Сақыш өзбек қызынан жеңіліп қалды
Елордада өтіп жатқан Әлем кубогі кезеңінің екінші жарыс күні басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Екінші жарыс күнін бастаған Әнел Сақыш (54 кг) Өзбекстан өкілі Феруза Казаковадан жеңіліп қалды.
Үш раундтың қорытындысы бойынша өзбекстандық былғары қолғап шебері келесі кезеңге өтті.
Бас бапкер жаңа ғана жекпе-жек кезінде соққыларды көрмейсің деп айтты. Бірақ барымды салдым. Қолымнан не келеді соның бәрін істедім деп ойлаймын. Өзбек боксшысымен болды жекпе-жек. Өте тәжірибелі. Жекпе-жектердің арасы жақын болғаны кедергі болған жоқ. Керісінше өзімді жақсы сезіндім. Қателіктерімнің кесірінен жеңіліп қалдым деп ойлаймын. Барша маған сенген, ең бірінші бас бапкерлерден, жанкүйерлерден кешірім сұраймын, - деді Әнел Сақыш.
Айта кетейік, бұған дейін Абылайхан Жүсіпов 70 кг жарыстан шығып қалған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Міндетті талап: Грузияға баратын шетелдіктер нені білуі тиіс
Өзгелердің жаңалығы