5 Желтоқсан 2021 2021, 19:30

Әлем кубогі. Алина Дауранова - қола жүлдегер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германияның Инцель қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогінің екінші кезеңі өтіп жатыр деп хабарлайды Olympic.kz. 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германияның Инцель қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогінің екінші кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазақстандық Алина Дауранова 500 метрге жүгіруден үшінші орын иеленді. Ол 500 метрді 00:39.08 секундта жүгіріп өткен. 

Алтын және күміс медалді Нидерланд елінің өкілдері жеңіп алды. Бұл Алинаның аталған кубоктік кезеңдегі екінші медалі. 

Кеше қазақстандық спортшы 1000 метрге жүгіруден күміс жүлде иеленген болатын.