25 Қыркүйек 2026, 21:05
Фото: akorda.kz
Әлем көшбасшылары Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстан халқына көңіл айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты шет мемлекеттер басшылары мен халықаралық ұйымдар жетекшілерінен көңіл айту жеделхаттары келіп түсіп жатыр.
Көңіл айтқандар қатарында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Франция Президенті Эмманюэль Макрон, Сербия Президенті Александр Вучич, Вьетнам басшысы То Лам, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян және Татарстан Раисы Рустам Минниханов бар.
Шетел көшбасшылары Қазақстан халқымен бірге екенін жеткізіп, қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.