Әлем халқының тең жартысы аптап ыстыққа бейімделуге мәжбүр

Биылғы жаз Еуропа, Азия мен Солтүстік Америкада ерекше болып тұр. Кейбір өңірлерде ауа температурасы 50 градустан асты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мұндай температура бұрын-соңды тіркелмеген. Соңғы 8 жылдағы зерттеулер нәтижесі бойынша аптап ыстық жылдан жылға күшейіп барады. Былтыр жазда Еуропада температураның қалыпты деңгейден жоғарлауы салдарынан 60 мыңнан аса адам қайтыс болды. 

Биыл да көптеген өңірде күн шыжып тұр. Ғаламдық жылынуға байланысты тұрғындарға енді осындай ауа-райына бейімделуіне тура келеді. 

Ыстыққа бейімделмеске амал жоқ. Табиғаттың тосын мінезіне шыдас беріп, алдын алу жұмыстарын күшейту керек. Тұрғындар да денсаулығына бей жай қарамай, имунитетті көтеріп, ыстыққа төзуді қолға алған жөн. Басқа жолды көріп тұрған жоқпыз, - деді Барселона денсаулық сақтау институтының профессоры Джоан Баллестер.

Қытай бункерлерде демалыс орындарын ашып, қойманы дәрі-дәрмекпен толтырмақ. Мюнхенде қала картасына көлеңке жерлер белгіленген мобильді қосымша іске қосылды. Сол арқылы саябақтарды табуға болады.

 Ал Барселона билігі "климаттық баспаналар" жобасын іске қосты. Яғни кез келген адам кітапхана, мұражай мен мектеп, спорт орталықтарына барып, демалуына болады. 

Бұл орындарға түсте немесе кешке келуге болады. Егде жастағы адамдар көп. Көшеде жүріп, күн өткен адамдар келеді. Осында бір сағат кітап оқып, демала алады, - деді Барселона қалалық кеңесінің өкілі Ирма Вентайол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Хабар24
Өзгелердің жаңалығы