Әлем футболының аңызы қайтыс болды

Пеле есімімен әйгілі бразилиялық футболшы Эдсон Арантис до Насименту қайтыс болды. Әлем футболының аңызы биыл 82 жаста болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Пеленің өмірден өткенін оның агенті Джо Фрага растады.

Былтыр  қыркүйекте Пелеге тоқ ішектің ісігін  операциясы жасалған еді, ол бір айға жуық ауруханада болды, содан кейін ол бірнеше рет қайта жатқызылды.

26 желтоқсанда Пеленің отбасымен қоштаса бастағаны хабарланған болатын. Чемпионның жағдайы күн сайын нашарлап бара жатқаны БАҚ-та жиі айтылды.

Пеле – әлемдік футбол тарихындағы ойыншы ретінде үш рет әлем чемпионы атанған жалғыз ойыншы (1958, 1962, 1970).  Ол 92 кездесуде 77 гол соққан.  Кәсіби мансабында Пеле 1281 гол соғып, Гиннестің рекордтар кітабына енген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы