Әлем елдері арасында вакцинаны бөлу жөнінен әділетсіздік белең алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемде коронавирусқа қарсы өндірілген вакцинаның шамамен 60 процентін дамыған мемлекеттер сатып алған. Бұл туралы 24.kz хабарлады. 

Кейбірінің тапсырысы халық санынан 2-3 есе көп. Салдарынан дамушы елдерде екпе тапшылығы туындады. Қытайдың Сыртқы істер министрі осылай деп отыр. 

Айтуынша, қазір әлемде коронавируске қарсы препараттың қолжетімділігіне байланысты теңсіздік мәселесі өршіп барады. Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен БҰҰ өкілдері де осындай проблеманың барын мойындап, өндірушілерді екпені КОВАКС арқылы жеткізуге шақырған. Бұл халықаралық ынтымақтастық бағдарламасы вакцинаның әлем елдері арасында теңдей бөлінуіне бағытталған. 

Бүгінде коронавируске қарсы вакцина қорының басым бөлігі 10 елде ғана салынып жатыр. Бірақ тұрғындары препараттың бір де бір дозасын алмаған мемлекеттер де бар ғой. Олардың жағдайы не болмақ? Мұндай әділетсіздікке жол беруге болмайды, – дейді Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Нгози Оконджо-Ивеала.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы