Әлем чемпионының қасақана өлтірілген сәті видеоға түсіп қалған

Дағыстанның Дербент қаласында грэплинг пен ММА-ден NFC лигасының президенті 36 жастағы Видади Мардановты атып кетті. Бұл туралы 112 телеграм арнасы хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.

Грэплинг пен джиу-джитсудан әлемнің бірнеше дүркін чемпионы үйінен таңғы төртте біреумен сөйлесуге есік алдына шыққан, одан кейін өлі табылды. 

Кейін Желіде Мардановты қалай өлтіргенінің видеосы жарияланды. Онда шабуылдаған екі адам Видадиді жерге құлатқаны көрінеді. Кейін төбелеске қатыстылардың бірі аңшы мылтығынан жерге атады, алайда оқ асфальттан тайқып Мардановқа тиеді. 

Қазір 27 жастағы күдікті ұсталды. Ал оның қасында болған адам қашып жүр. Тергеу қайғылы оқиғаның себебін анықтап жатыр. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы