Әлем чемпионатының қола жүлдегері жұмысшы болып жүр
Кикбокстен әлем чемпионатының қола жүлдегері Бибарыс Сауханбек жұмысшы болып істейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды "Жұмысшы мамандықтарының жылы" деп жариялағаны баршаға мәлім. Мұндағы мақсат жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттау.
Наурыз айының 6-11 аралығында Италияның Лидо ди Езоло қаласында өткен әлем кубогынан Қазақстан құрамасы қатысты. Аталмыш жарысқа 46 мемлекеттен 429 спортшы қатысып, жүлдеге таласты.
Сол жеңімпаздардың арасында "Астана Тазалық" мекемесінде механик болып абыройлы жұмыс істеп жүрген Бибарыс Сауханбек те қола жүлде иегері атанды.
Бибарыс Сауханбек - Кикбоксингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Кикбоксингпен айналысқанына 14 жыл болды. Сонымен қатар, бірнеше халықаралық және республикалық турнирлердің жеңімпазы. "Астана Тазалық" мекемесі Бибарысқа пәтер алуға 10 млн теңгенің сертификатын сыйлады.
Күні бүгінге дейін аренада 130-дан астам кездесу өткізген чемпионымызды спорттағы жанкүйерлері "Сұлтан Бибарыс" деп атайды. Мысыр елін мойындатқан Бейбарыс бабаң секілді бүкіл дүниежүзіне қазақты таныт. Әр жекпе-жекте артыңда сені қолдайтын елің бар екенін білдіретін көк туымыз бейнеленген осы шапанды иығыңа жабуды жөн санадық, - деді "Астана Тазалық" мекемесінің бас директоры Замир Сагинов.
Сонымен қатар, "Астана Тазалық"мекемесінде арнайы техника жүргізушісі болып қызмет атқаратын әкесі – Кенжежан Сауханбекұлына еліне деген патриоттық сезімі бар тұлға тәрбиелегеніне алғыс айтып, алғыс хат табысталды.