Әлем чемпионатында Олимпиадаға жолдама берілмейді

Халықаралық Олимпиада комитеті бокстан 2023 жылы өтетін әлем чемпионаттары Париждегі Олимпиада ойындарына іріктеу болып саналмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«2022 жылдың маусымында ХОК хабарлағандай, IBA бокстан 2024 жылғы Париж Олимпиадасына іріктеу турниріне қатыспайды. ХОК мақұлдаған жүйе бойынша Олимпиада жолдамасы таратылатын болады», - делінген IBA хабарламасында.

Айта кетейік, 2019 жылы Халықаралық Олимпиада комитеті Халықаралық бокс қауымдастығын мәртебесінен айырған болатын. Бұған қаржылық және басқарушылық мәселелер себеп болған. ХОК аталған ұйымнан реформа жүргізуді талап еткен еді. Алайда, қойылған талаптар әлі күнге дейін орындалған жоқ.

Осыған байланысты, 2024 жылғы Париж Олимпиадасына дайындық кезеңін ХОК өз мойнына алды.

Сондай-ақ боксты әзірге 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасының бағдарламасына қоспау туралы да шешім қабылданды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы