Дүбірлі додада ел намысын алты гимнаст қорғайды. Атап айтқанда Нариман Курбанов, Милад Карими, Дмитрий Патанин, Ильяс Азизов, Нуртан Идрисов, Роман Хегай бақ сынайды.
Бұл бәсекеде 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына арналған алғашқы командалық жолдамалар сарапқа салынады.
ҚР ҰОК мәліметінше, әлем біріншілігі 17-25 қазан аралығында өтеді.