Бүгiн 2026, 08:52 Фото: qazsport / telegram

Әлем чемпионаты: соңғы тәуліктің қорытындысы және бүгінгі матчтар

Бүгінгі кездесулерден кейін 1/8 финалдың тағы бірнеше жұбы толық анықталады.

Әлем чемпионатының плей-офф кезеңі қыза түсті. Соңғы тәулікте бірқатар тартысты кездесулер өтіп, 1/8 финалдың қатысушылары анықталуда.

Соңғы тәуліктегі нәтижелер:

Аргентина – Кабо-Верде 3:2 (қосымша уақытта) – Аргентина келесі кезеңге өтті. 

Египет – Аустралия 1:1 (пенальти 4:2) – Египет тарихында алғаш рет әлем чемпионатының плей-оффында жеңіске жетті. 

Португалия – Хорватия 2:1 – Португалия 1/8 финалға жолдама алды. 

Швейцария – Алжир 2:0 – Швейцария келесі кезеңге өтті. 

Бүгінгі ойындар (Қазақстан уақытымен):

Колумбия – Гана — 06:20

Канада – Марокко — 21:50

Парагвай – Франция — 5 шілде, 01:50 

Плей-офф кезеңіндегі әрбір матчтың маңызы зор. Бүгінгі кездесулерден кейін 1/8 финалдың тағы бірнеше жұбы толық анықталады.