Әлем чемпионаты. Катардағы ойын қатардағы ойын бола ма?

Ертең көптен күткен  – әлем чемпионаты басталады. Осы орайда спорт сарапшылары пікірлерін айтып, болжамдарын ортаға салды, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

 

Қатардағы әлем біріншілігі

Бұл — әлем чемпионаты 32 команда қабылдайтын соңғы әлем біріншілігі болмақ. Ал 2026 жылы АҚШ, Канада және Мексика бірлесіп өткізіп, 48 құраманы ойнатады.

Чемпионаттағы қауіпсізді қамтамасыз ету үшін 50 мыңға жуық сақшы жұмылдырылады. 

Турнир жеңіпазы - 42 миллион доллар алады. 

Күміс жүлдегер 30 млн доллар, қола жүлдегер 27 млн доллар алады, ал төртінші орын алған команда 25 миллион доллар иеленбек. 

Қалған құрамаларға келесідей: 

5-8 орындар - 68 миллион доллар (әрқайсысы 17 миллионнан);

9-16 орындар - 104 миллион доллар (әрқайсысы 13 миллионнан).

ФИФА әлемдік біріншілікте ойыншылардың өнер көрсеткені үшін клубтарға өтемақы төлеуге тағы 209 миллион доллар бөлінеді.

 

Алғаш рет әйел төрешілер қызмет атқарады 

Өз тарихында 22 мәрте жалауын көтергелі отырған дүбірлі додада барлығы 36 төреші қызмет етеді. Олардың қатарында Стефани Фраапар (Франция), Салима Мукасанга (Руанда) және Йошими Ямасита (Жапония) сынды әйел төрешілер бар.

 

Әлем чемпионатында кім топ жарады?

 

Спорт журналисі Айбек Қабылшаның пікірі: 

Әлем чемпионатында құрамы жағынан ең мықты екі құрам - Бразилия мен Франция. Осы екі құраманың бірі алатын сияқты. Ал өзім Португалияға жанкүйермін. Сондай-ақ, Англия, Испания, Германия секілді құрамалардың да топ жаруға мүмкінідігі жоғары. Мессиі бар Аргентина да жеңістен үмітті. Бірақ барлық ойыншысы жоғары деңгейде деп айтуға келмейді, - деді ол. 

Оның пайымдауынша, сұрмерген Хәрри Кейнде көшбасшылық мінез пісіп тұр. Сол себепті Англия жеңіп жатса да таңғалудың қажеті жоқ. 

Ал, Бразилияда керісінше қапталда ойнайтын Неймар, Винисиус секілді таланттар болғаны мен дәл  Кейн секілді «тоғыздық», сұрмерген жоқ. «Реал Мадрид» шабуылшысы Родригоның ойыны жүріп кетсе пентакомпиондарды ешкім тоқтата алмайды. 

Мбаппе мен Бенземасы бар Францияның құрамасы мықты. Алайда жартылай қорғанысында 2018 жылғы Погба мен Канте жоқ. Ал жартылай қорғаныс көп нәрсені шешеді. Голландияны қай жағынан қарағанда да фавориттер қатарына қоса алмаймын. Мінезді Мюллері бар немістер оталып кетсе басқаларына қиын болады, - деді Айбек Қабылша.

Қалай болғанда да Роналду секілді аңыз ойыншы Әлем кубогын футболды аяқтамай тұрып төбесіне бір көтергенін көргім келеді. Сондықтан осы құрамаға тілекшімін. Брақ Бразиялия немесе Англия чемпион атанса да қуанышты боламын. Футбол фанаты ретінде бар тілегім төрешілердің қателігінсіз, дау-дамайсыз жеңіске ылайық болған құрама әлем чемпионы атансы екен деген тілек бар, - деді ол.

 

Спорт журналисі, белгілі коментатор Ермұхаммед Мәулен: 

Әлем чемпионатында басты фаворит бұл - Бразилия, одан кейін Аргентина және Францияны құрамалары деп ойлаймын. Жалпы, айтсақ, көпке белгілі еуропаның алпауыт алты (Франция, Англия, Испания, Бельгия, Германия, Португалия ) құрамасы мен оңтүстік америкалық Аргетина мен Бразилия фавориттер саналады, - деді ол.  

 

Месси ме? әлде Роналду ма? 

Осы әлем чемпионатында Криштиану Роналдудың көзге түсе қоюы қиындау. Өйткені қазіргі таңда ол бабында емес, оның үстіне клубы Манчестер Юнайтедте қосалқы құрамда отыр. Ал, егер  әлем чемпионатында Роналду мен Мессидің командасының мүмкіндігін салыстыратын болсақ, Лионель Мессиде шанс жоғары. Себебі, Месси осы додада барын салатыны анық. Құрама сапында керемет өнер көрсетіп жүр, - деді Ермұхаммед Мәулен. 

 

Қатардағы ыстық кімдерге жағады? 

 

Қатар чемпионатындағы күннің ыстығы Африка елдерінің құрама командаларына тиімді болуы мүмкін. Нақтырақ айтсақ, Марокка құрамасына көп сенім артылып отыр. Себебі, бұл елдің футболшылары Африкадан бөлек, жартысы Еуропаның клубтарында өнер көрсетеді. Тіпті, кейбір ойыншылары Қатарда да ойнайды. Мароккада мүмкіндігі көп, сенсация жасауы ғажап емес. Сонымен бірге Оңтүстік Американың бірнеше құрамаларын айта кеткен жөн. Мәселен, Эквадор мен Уругвайдың өзі біршама кезеңге дейін баруы мүмкін, - деді комментатор. 

 

Спорт сарапшысы Әзиз Жұмәділ: 

 

Осы әлем біріншілігінде көбі Бразилияны фаворит деп жатыр. Мен олардың қатарына Франция мен Испанияны қосар едім. Екеуі де мықты құрамалар. Сонымен бірге Аргетина осы ӘЧ-ні ұтады деген болжам көп. Алайда, олардың шабулы мықты болғанымен, қорғанысы әлсіздеу. Дәл сол сияқты, Испания құрамасы жақсы ойын өрнегін көрсете алғанмен, құрамға мықты шабуылшы жетіспейді, - деді ол. 

Айтуынша, осы әлем чемптонатында «андердог» финалға дейін шығуы мүмкін. 

Мәселен, 2018 ешкім Хорватияның финалға дейін жететінін күткен жоқ. Сол себепті осы чемпионатта да бір команда жарық ететініне сенім мол. Сондай команданың қатарына мен Дания мен Жапонияны жатқызамын. Жәнеде Уругвайды көптеген құраманың жүйкесін жұқартатын команда деп айтуға болады. 

Осы чемпионатта Винисиус Жуниор, Родриго Силва де Гоис және испаниялық Педри мен Гави секілді жас футболшылардың бағы жануы мүмкін. Сондай-ақ Германия құрамасында Юссуфа Мукоко секілді жас шабушылар көзге түседі деген үміттемін, - деді Әзиз Жұмаділ.

Еске сала кетейік,  20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Қатарда әлем чемпионаты өтеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы