Әлем чемпионаты. Галышева күміс жүлде еншіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Фристайл-могулдан Қазақстан қыздар құрамасының көшбасшысы Юлия Галышева Алматыда өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медаль иеленді.

Prosports.kz сайтының мәліметіне қарағанда, ақтық сында Галышева 79.52 ұпай еншілеген. 

Ол Олимпиада чемпионы, әлем кубогы кезеңдерінің көшбасшысы, франциялық Перрин Лаффонға есе жіберді (82.11). Үздік үштікті ресейлік Анастасия Смирнова түйіндеді (79.41).

Тағы бір үздік спортшымыз Анастасия Городько алғашқы финалда жарыс жолынан шығып қалды.

Айта кетейік, бұл Галышеваның әлем біріншіліктеріндегі екінші жүлдесі. Ккі жыл бұрын ол Парк Ситиде (АҚШ) әлем чемпионы болған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы