Әлем чемпионаты. Футзалдан ел құрамасы мерзімінен бұрын плей-офф кезеңіне шықты

Футзалдан Қазақстан құрамасы мерзімінен бұрын әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өзбекстанда өтіп жатқан футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатында топтық кезеңнің екінші туры аяқталды. 

Плей-офф кезеңге әр топта үздік атанған 2 құрама тікелей жолдама алады. 

Қазақстан құрамасы мерзімінен бұрын плей-офф кезеңге шықты. 

Қазіргі таңда 1/8 финалға Аргентина, Бразилия, Иран, Испания, Қазақстан, Марокко, Парагвай, Португалия, Таиланд, Франция командалары шықты. 

Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі соңғы ойынын 21 қыркүйекте Жаңа Зеландияға қарсы өткізеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Qazsport
Өзгелердің жаңалығы