Әлем чемпионаты: Әйелдер күресінен Жәмила Бақбергенова күміс жүлде алды
Белградта өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында Жәмила Бақбергенова әйелдер күресінен күміс алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ол 72 келі салмақта жартылай финалда румыниялық Александра Ангелді жеңсе, ширек финалда өзбекстандық Светлана Окназарованы қапы қалдырды.
Финалда қателікке бой алдырып қойды. Нәтижесінде қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты.
Жәмила Бақбергенова 1996 жылы 6 қаңтарда дүниеге келген. Ересектер арасында 2021 жылы Норвегия астанасы Осло қаласында өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған.
Ол Азия чемпионатында 2020, 2022 жылдарда чемпион атанса, 2021 жылы күміс, 2019 жылы қола алды.
Аталған салмақта үшінші орын румыниялық Александра Ангел мен жапониялық Масако Фуруитиға бұйырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Армения мен Әзербайжан шекарасында жағдай шиеленісті
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы