Алексей Цой аутизмі бар балалардың маска тағуына қатысты пікір білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде аутизмі бар балалардың маска тағуына қатысты пікір білдірді.
Өздеріңізге белгілі, біз нормативтік базаны реттедік. 5 жасқа дейінгі балаларға маскасыз жүруге рұқсат етілді. Бірақ бұл инфекция жоғалып кетті дегенді білдірмейді. Вирус әлі арамызда, қашықтық режимі әлі де сақталуы керек. Ең алдымен, ата-аналардың өздері балаларды өзге азаматтардан вирус жұқтырып алу жағдайынан қорғауы керек, - деді ол.Министр маска тағу - шектеу шараларының уақытша кезеңі екенін әркімнің жете түсінуі маңызды екенін айтты.
Біздің өмір сүруге ыңғайсыз жағдай жасауға деген ниетіміз жоқ. Маска тағу - шектеу шараларының уақытша кезеңі екенін әркімнің жете түсінуі біз үшін өте маңызды. Егер біз қазір өзімізді тәртіпке келтіріп, маска тағып, қашықтық сақтай алсақ, бірінші кезекте ауруды азайтуға үлес қосамыз. Біз әрқашан біреу мәселені шешуге тиіс деп жатамыз. Бірақ қазір әрқайсымыз өзімізді мысалға келтіріп, қашықтық сақтап, маска тағуымыз керек. Бұл жерде кінәні біреуден іздеуге болмайды, өйткені әрқайсымыз инфекцияның таралуына үлес қосып отырмыз, - деді министр.
Алайда, министр аутизмі бар балалар туралы сұраққа нақты жауап бермеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы