20 Қыркүйек 2026, 13:49 Фото: Туризм және спорт министрлігі

Алексей Луценко Қазақстанға Азия ойындарындағы екінші алтын медальді сыйлады

Қазақстан құрамасы Азия ойындарының алғашқы күнінде екі алтын медаль жеңіп алды.

Алексей Луценко Қазақстан құрамасына ХХ жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде екінші алтын медальді әкелді. Жарыс Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатыр.

Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы мәлімдеді.

Еске салайық, қазақстандық велошабандоз Рината Сұлтанова Азия ойындарында Қазақстанның алғашқы алтын медалін жеңіп алған болатын. Ол әйелдер арасындағы шосседегі жеке жарыста 36 минут 23,72 секунд нәтиже көрсетіп, ел қоржынына биылғы Азия ойындарындағы алғашқы алтынды салды.