Алексей Луценко Испаниядағы веложарыста жеңіске жетті

Бүгін Испания жолдарында бір күндік веложарыс өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарыста астаналық Алексей Луценко жеңімпаз атанды. Екінші орын француз Тони Галлопенге бұйырды. Үшінші орын «Астананың» тағы бір өкілі, италиялық Симоне Веласконың еншісінде.

Қалған астаналық шабандоздар жарысты келесі нәтижелермен аяқтады: Евгений Федоров – 20-шы, Нұрберген Нұрлықасым – 55-ші. Фабио Феллин, Леонардо Бассо және Хавьер Ромо мәреге жете алмады.

Bilbao — Getxo. 193.3 шақырым

1. Алексей Луценко (Қазақстан, Астана) - 4:19:10

2. Тони Галлопен (Франция, Лидл-Трек) - +0:24

3. Симоне Веласко (Италия, Астана) - +0:33

20. Евгений Федоров (Қазақстан, Астана) - +8:04

55. Нұрберген Нұрлықасым (Қазақстан, Астана) - +15:42.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: instagram/lutsenko_alexey
Өзгелердің жаңалығы