Алексей Цой «Нобел» компаниясымен меморандумға қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «Нобел Илач Санаи ве Тиджарет Аноним Ширкети» компаниясының өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Жиын барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен шетелдік инвестор арасында Қазақстан Республикасында дәрілік препараттар өндірісін құру, «Нобел Алматы фармацевтикалық фабрикасы» АҚ базасында инвестициялық жобаны іске асыру бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Біз бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «Нобел» компаниясы арасындағы меморандумға қол қойдық. Құжаттың мақсаты – «СҚ-Фармация» ЖШС-мен жасалған дәрілік заттарды жеткізудің ұзақ мерзімді шарты шеңберінде Қазақстанда дәрілік препараттар өндірісін құру, «Нобел Алматы фармацевтикалық фабрикасы» АҚ инвестициялық жобасын іске асыру, – деді Цой.
Министр «Нобел» компаниясы әлемдегі ең ірі фармацевтикалық өндірушілердің бірі екенін және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі екіжақты ынтымақтастыққа зор мән беретінін атап өтті.
ҚР-да дәрілік препараттар өндірісі бойынша аталған инвестициялық жоба 2025 жылға дейін іске асырылады деп жоспарланған және 400-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады.
Дәрілік препарат өндірісі ҚР экономикасына айтарлықтай үлес қосады. Бұл меморандум серіктестікке серпін беріп, қоғам денсаулығын нығайтуға себеп болады, – деді Цой.«Нобел Илач Сана иве Тиджарет Аноним Ширкети» Директорлар кеңесінің төрағасы Хасан Улусой мырза Қазақстан Үкіметінің қазіргі және болашақтағы инвестициялық жобаларға тартылған шетелдік компанияларға деген сеніміне алғысын білдірді.
Инвестициялық жоба бойынша меморандум – бұл Қазақстанға деген сенімнің көрінісі. Жаңа өндіріс жоғары технологияларды пайдалана отырып, биотехнологиялық препараттар шығару жоспарланып отырған алғашқы өндірістік алаң болады, – деді Хасан Улусой мырза.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Карантин: Австрияда жаңа ережелер енгізілді
Өзгелердің жаңалығы