Александр Винокуров 50+ жас санатында алтын медаль жеңіп алды

Олимпиада чемпионы Александр Винокуров Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазақстан велосипед спорты федерациясына сілтеме жасап.

Спортшы 15 шақырым қашықтықта "жекелей" сында ең бірінші болып келді. Оның нәтижесі – 20 минут 6 секунд.

Сонымен қатар тағы екі жерлесіміз жеңімпаз тұғырынан көрінді.

Осы жас санатындағы Алексей Абраменко күміс жүлдеге ие болды, оның нәтижесі - 22 минут 25 секунд.

45- 49 жастағы masters арасында екінші орынды Вадим Ежаков алды, нәтижесі – 21 минут 46 секунд.

Айта кетейік, Александр Винокуров осы қашықтықта өз жасында ғана емес, сондай-ақ 35 жастан бастап барлық жас санатында ең жылдам уақытты көрсетті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы