Александр Недовесов Нидерландтағы турнирдің финалына шықты

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Александр Недовесов Хертогенбос (Нидерланд) ATP 250 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге жартылай финалда аустралиялықтар Алекс Де Минаур - Джордан Томпсонмен ойнауы керек еді.

Алайда қарсыластары белгісіз себептермен матчқа келген жоқ.

Қазақстандық-эквадорлық жұп финалда жарыстың бірінші ракеткалары, нидерландылық Уэсли Колхоф - ұлыбританиялық Нил Скупскимен бас жүлдені сарапқа салады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қазақстан теннис федерациясынан
Өзгелердің жаңалығы