Александр Недовесов ATP 250 турнирінде жеңілді
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Александр Недовесов Хертогенбос (Нидерланд) ATP 250 турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге соңғы бәсекеде жарыстың 1-ракеткалары, әлемдік рейтинг көшбасшылары, нидерландылық Уэсли Колхоф – ұлыбританиялық Нил Скупскимен бас жүлдені сарапқа салды. Аталмыш матчта нидерландылық-ұлыбританиялық жұп 7:6 (7:1), 6;2 есебімен жеңіске жетті.
Хертогенбос додасында финалға дейін жетуі нәтижесінде қазір Недовесов ATP Live рейтингісінде 59-дан 53-орынға көтеріліп тұр. Қазақстандық Григорий Ломакин Иран астанасы Тегеранда өткен ITF M15 жарысының чемпионы атанды. Турнирдің бірінші ракеткалары болып тіркелген Ломакин мен ресейлік Агафонов финалда үндістандықтар Ишаке Экбал – Яш Чаурасиямен кездесті. Қазақстандық-ресейлік жұп 7:5, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Grand Slam: Қазақстан жалпы командалық 4-орынды иеленді
Өзгелердің жаңалығы