Александр Македонскийдің неден көз жұмғаны белгілі болды

Алматы, BAQ.KZ. Грециядағы Аристотель университетінің ғалымдары антикалық тарихшылар жазып кеткен патшаның соңғы күндердегі сырқат белгісіне талдау жасады. 

Нәтижесінде ғалымдар Александр Македонскийдің өліміне ұйқы безінің зақымдануы себеп болды деген шешімге келген. Бұл туралы Llife.ru хабарлады. 

Бұған дейіне әлемге әйгілі патша іш сүзегі немесе өкпе қабынуы ауруынан қаза болды деп айтылып келген.

"1995 жылдары басталған зерттеу жұмыстары барысында сарапшылар патшаның соңғы күндеріндегі ауру белгісіне жіті талдау жасады", - делінген хабарламада.

Зертеу жұмысының авторы, медицина профессоры Томас Герасимидистің айтуынша, Александр патшаның өліміне панкреонекроз ауруының асқынуы себеп болған. Бұл өт қабына тас байланудан және қолбасшының ауыр тамақ пен ішімдікке деген құмарлығынан басталған.

Көне грек тарихшыларының жазбаларына сараптама жүргізгеннен кейін Герасимидис Александрдің өліміне қатысты бұған дейін айтылып келген нұсқаларды жоққа шығарды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы