Александр Лукашенко ауруханаға түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Беларусь президенті Александр Лукашенко ауруханаға түсті деген ақпаратқа қатысты баспасөз хатшысы Наталья Эисмонт жауап берді. 

Бұған дейін Telegram желісіндегі бірқатар арналар Минскіде Ресей премьер-министрі Михаил Мишустинмен кездесуден кейін гипертониялық криз (вегетативті бұзылыстардың барысында ми және жүрек қан айналымдарының бұзылуы асқынып, артериялық қан қысымының кенеттен көтерілуі) болып, ауруханаға түскені хабарлаған болатын.

Ештеңе күтпеңіздер деп, қысқа жауап берді деп, жазды Риа Новости.

Айта кетейік, Александр Лукашенканың қысымы көтеріліп, Беларусь басшысы қажетті сараптамадан өтіп жатқаны хабарланды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы