Александр Бублик Уимблдон турнирін жеңіспен бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның бірінші, әлемнің 38-ракеткасы Александр Бублик Уимблдон турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

«Үлкен дулыға» жарысы – Ұлыбритания ашық чемпионатының алғашқы айналымында қазақстандық теннисші әлемнің 59-ракеткасы, мажарстандық Мартон Фучовичпен шеберлік байқасты.

Бублик 6:1, 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Сағат жарымға жуық уақытқа созылған матчта қазақстандық спортшы 16 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың тең жартысын пайдалана білді. Александр екінші айналымда әлемнің 64-ракеткасы, сербиялық Душан Лайовичпен күш сынасады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы