20 Шілде 2025 2025, 17:43
Фото: ҰОК
Александр Бублик теннистен Швейцариядағы турнирде топ жарды
Отандасымыз ақтық сында аргентиналық Хуан Мануэль Серундоломен өзара мықтыны анықтады
Қазақстан құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Швейрацияның Гштаад қаласында өткен топырақты корттағы ATP 250 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Отандасымыз ақтық сында аргентиналық Хуан Мануэль Серундоломен өзара мықтыны анықтады.
2 сағат 7 минутқа созылған бәсекеде Бублик 13 эйспен бірге 14 брейк-пойнттың төртеуін өз еншісіне жазды. Осылайша, 6:4, 4:6, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұл - Александр Бубликтің топырақты корттағы алғашқы финалы.