Александр Бублик теннистен Марсель ATP 250 турнирінің финалына шыға алмады

Қазақстанның бірінші, әлемнің 50-ракеткасы Александр Бублик Марсель (Франция) ATP 250 турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 11-інші, осы жарыстың 1-ракеткасы, Польша өкілі Хуберт Гуркачпен кездесті.

Поляк теннисшісі 6:4, 7:6 (7:4) есебімен жеңіске жетті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы