Александр Бублик ширек финалда
Қазақстанның бірінші, әлемнің 50-ракеткасы Марсель (Франция) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 58-ракеткасы, франциялық Грегуар Баррерге қарсы ойнады.
Жақында өткен Монпелье жарысында Бублик дәл осы Грегуар Баррермен өткен тартысты матчта 4:6, 7:6 (14:12), 6:7 (3:7) есебімен ұтылып қалған еді. Бұл жолы қазақстандық спортшы 6:4, 6:2 есебімен есе қайырды.
Александр Бублик жартылай финалға шығу үшін әлемнің 25-ракеткасы, болгариялық Григор Димитров немесе рейтингте 116-орында тұрған нидерландтық Гийс Брувермен кездесуі мүмкін.
Әсел Әбілбек
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
23 ақпанға арналған валюта бағамы
Өзгелердің жаңалығы