Бүгiн 2026, 20:55 Фото: olympic.kz

Александр Бублик Римдегі «Мастерс» турнирінің үшінші айналымына өтті

Үшінші айналымда Бублик америкалық теннисші Лёрнер Тьенмен кездеседі.

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Римде өтіп жатқан ATP Masters 1000 сериясындағы турнирді сәтті бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Екінші айналымда ол Аргентина өкілі Себастьян Баэсті сенімді түрде жеңді.

Кездесу бір сағатқа да жетпей, небәрі 59 минутқа созылды. Бублик матчты толық бақылауда ұстап, қарсыласына үш гейм ғана алуға мүмкіндік берді. Қорытынды есеп – 6:1, 6:2.

Тұрақты әрі сенімді доп беруінің және жоғары қарқынның арқасында қазақстандық теннисші турнирдің келесі кезеңіне еш қиындықсыз өтті.

Үшінші айналымда Бублик ATP рейтингінде 21-орында тұрған америкалық теннисші Лёрнер Тьенмен ойнайды.