Александр Бублик Франциядағы ірі турнирдің ширек финалына жолдама алды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик жүлде қоры 200 мың евроның құрайтын Францияның Экс-ан-Прованс қаласында өтіп жатқан ATP Challenger турнирінің үшінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Александр Бублик ширек финалға таласта ATP рейтингісінде 114-ші орынға ие финляндиялық теннисші Отто Виртаненнен мықтырақ болып шықты. Жеңіске жету үшін Бублик 1 сағат 12 минут уақыт жұмсады. Екі партия есебі - 6: 4, 6: 4.

Ал турнирдің басында Қазақстан құрамасының көшбасшысы итальяндық Рикардо Бонадионы 7:6, 7:5 есебімен ұтты.

Енді жекелей сында жартылай финалға шығу үшін ол әлемнің 241-ші ракеткасы - 21 жастағы француз теннисшісі Харольд Майомен бақ сынайды. Өз кезегінде ол "Челленджер" фавориттерінің бірі – америкалық Брэндон Накашимді сан соқтырды.

Осы жарыстардағы екінші жеңісі үшін Александр Бублик 32 рейтинг ұпайы мен 5 500 евро жүлдеге ие болды (шамамен 2 700 000 теңге).

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ktf.kz
Өзгелердің жаңалығы