Александр Бублик Австрияда жеңіске жетті

Теннистен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Александр Бублик кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Айта кетерлігі, спортшы Австрияның Кицбюэль қаласындағы топырақты кортта өткен ATP 250 сериялы турнирінің финалында жеңімпаз атанған.

Отандасымыз ақтық сында франциялық Артур Казомен кездесті.

1 сағат 26 минутқа созылған матчта Александр Бублик бес эйспен қоса, жеті брэйк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды. Нәтижесінде 6:4, 6:3 есебімен жеңді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Өзгелердің жаңалығы