Александр Бублик ATP 500 турнирінің жартылай финалына шықты
Қазақстанның бірінші, әлемнің 48-ракеткасы Александр Бублик Германияда өтіп жатқан ATP 500 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жерлесіміз ширек финалда әлемнің 9-ракеткасы, италиялық, 21 жастағы Янник Синнермен шеберлік байқасты. Осыған дейін қарсыластар өзара төрт кездесіп, соның бәрінде италиялық спортшы жеңіске жеткен. Бұл жолы бірінші сетте Александр 7:5 есебімен басым түсті. Екінші сетте 2:0 есебімен Бублик жеңіп жатқан кезде Синнер матчты жалғастырудан бас тартты. Бар-жоғы 52 минутқа созылған бәсекеде Бублик 6 эйспен бірге 3 брейк-пойнтты пайдаланып үлгерді.
Қазақстандық теннисші финалға шығу үшін жергілікті теннисшімен немесе Чили өкілімен кездеседі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Талдықорғанда Халық қаһарманына арналған мемориал ашылды
Өзгелердің жаңалығы