25 Шілде 2025 2025, 01:29
Фото: instagram.com/bublik
Александр Бублик ATP-250 турнирінің жартылай финалына шықты
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Австрияның Кицбюэль қаласында өтіп жатқан ATP-250 санатындағы топырақтағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды.
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Австрияның Кицбюэль қаласында өтіп жатқан ATP-250 санатындағы топырақтағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
24 шілдеде өткен ширек финалдық кездесуде, әлемдік рейтингте 30-орында тұрған Бублик турнир барысында жаңбыр салдарынан үзіліспен өткен матчта өз отандасы Александр Шевченконы (ATP №110) сенімді түрде жеңді. Қорытынды есеп: 6:4, 6:2.
Жартылай финалда Бублик бразилиялық Тьяго Уайлд пен нидерландтық Ботик ван де Зандсхулп арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Айта кетейік, турнирдің жүлде қоры 596 035 еуроны құрайды.