Александр Бублик әлемнің экс-бірінші ракеткасын ұтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ATP 250 турнирінің жартылай финалында қазақстандық теннисші Александр Бублик Австралия теннисшісі Джейсон Кублермен бақ сынайды, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі.
Александр Бублик Ньюпортта (АҚШ) өткен ATP 250 турнирінің 1/4 финалында әлемнің экс-бірінші ракеткасы, шотландиялық Энди Маррейді ұтып кетті, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі.
Кездесу 7:5, 6:4 есебімен аяқталды.
Матч 1 сағат 46 минутқа созылды. Әлемнің 42-ші ракеткасы Бублик 11 эйс жасап, төрт брейк-понттың үшеуін жүзеге асырды.
Турнирдің жартылай финалында Александр Австралия теннисшісі Джейсон Кублермен бақ сынайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада көпқабатты ғимарат өртенді
Өзгелердің жаңалығы