Токио-2020: Александр Куликов слаломды есуден Олимпиаданың жартылай финалына өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио Олимпиадасында слаломды есуден іріктеу кезеңі аяқталып, қазақстандық Александр Куликов жартылай финалға жолдама алды деп жазады Olympic.kz. 

Екі іріктеу кезеңінің нәтижесі бойынша, Куликов 108.12 көрсеткішімен 15-ші орын алды. Осылайша, жартылай финалға өткен 15 спортшының қатарына енді. 

Куликов іріктеуден соң көш бастап тұрған словакиялық Матиж Бенустан 10.54 секунд ұтылды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы