8 Қазан 2025 2025, 13:23
Фото: Мәжіліс
Алдымен тұрғын үй емес, мектеп пен аурухана салынуы керек – Аймағамбетов
Бүгін Мәжіліс кулуарында депутат Асхат Аймағамбетов елді мекендерді жоспарлы дамыту кезінде әуелі әлеуметтік инфрақұрылымды салу қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгін Мәжіліс кулуарында депутат Асхат Аймағамбетов елді мекендерді жоспарлы дамыту кезінде әуелі әлеуметтік инфрақұрылымды салу қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бірінші кезекте, әрине, біз әлеуметтік инфрақұрылымды – мектеп, балабақша, аурухана сияқты маңызды нысандарды салып алуымыз керек. Тек содан кейін ғана тұрғын үйлер салынуы тиіс, – деді депутат журналистер сауалына жауап бере отырып.
Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, депутаттар осы бағытта нақты ұсыныстар әзірлеп, заң жобасына тиісті түзетулер енгізуді талап етіп отыр.
Біздің айтып отырғанымыз – дәл осы мәселе. Біз ұсынған түзету мен ұсыныс та осы. Сондықтан бүгін біз бұл мәселені көтеріп, осы бағытта нақты жұмыс жүргізіп жатырмыз, – деп айтты депутат.