Әлдекімдердің сандырағы. Перуашев желідегі суретке қатысты түсініктеме жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірнеше күннен бері әлеуметтік желілерде «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашевтың Нұрсұлтан Назарбаевтың сұлбасына ұқсас ескерткіштің жанында түскен фотосы қызу талқылануда.
Бұдан бөлек, бұл ескерткіштің Түркістанда орнатылатыны, Перуашевтың Нұрсұлтан Назарбаевқа дайындап жатқан сыйы деген мәлімет те тарала бастады.
Осыған орай партия басшысы Телеграмдағы парақшасында пікірін білдірді.
Желілерде жарияланған суретке байланысты түсетін сұрақтарға мынаны хабарлаймын. Өткен қыста өзім құрметтейтін, атақты мүсінші Тілеуберді Бинашев ақсақалымыз шеберханасына шақырып, дастархан жайып, басқа да туындыларымен бірге бозбала кезіндегі досы Шәмші Қалдаяқовтың мүсінін көрсеткен еді. Сол кезде мүсінші ағамыз жасаған басқа да бірнеше жұмысының қасында тұрып, суретке түсуімді өтінген болатын. Қалғанының барлығы - әлдекімдердің сандырағы. Сәттілік тілеймін, - деп жазды ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы