Гаухар Алдамбергенова: «Нұр Отан» – ілкімді істердің ұйытқысы

Астана, BAQ.KZ. «Нұр Отан» партиясы өзінің 20 жылдық тарихында Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан өсіп-өркендеуіне елеулі үлес қосып, үлкен саяси күшке айналды». Бұл туралы Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова айтты.

Оның айтуынша, ұйым егемендік дәуіріндегі елдік істердің барлығына атсалысып келеді. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баянды бастамаларына әрқашан қолдау білдіріп, салиқалы саясатын іске асыруда белсенділік көрсетіп келеді. Осы жылдары ауқымды істерге ұйытқы болған «Нұр Отан» нақты нәтиженің партиясы атанып, отандастарымыздың көңілінен шыға білді.

«Қазіргі күнде Қазақстанның ең ірі саяси ұйымының 247 филиалы және 5600 бастауыш партия ұйымы бар. Онда 1 млн-нан астам азамат қызмет көрсетеді. Соңғы жылдары ғана партияға ел азаматтарынан 140 мың өтініш түскен. Бұл – «Нұр Отанның» отандастарымыздың арасында үлкен сенімге ие болғандығының айқын көрінісі», – дейді Гаухар Алдамбергенова.

Қыздар университетінің ректоры «Нұр Отан» партиясы еліміздің жастары үшін көптеген игілікті істер атқарып жатқандығын да тілге тиек етті.

«XXI ғасырда көшбасшылыққа тек жастар қызу һәм белсенді қолдау көрсеткен саяси ұйым ғана ие бола алады. Бүгінде «Жас Отан» мүшелерінің саны екі жүз мыңға жуықтаған. Бұл әр­бір қала, аудан мен ауылдағы, өнді­ріс және оқу орындарындағы жас­тар­дың белсенділігін көрсетеді. Осыдан 18 жыл бұрын кішігірім үйірмеден басталған ұйым бүгінде ауқымды қозғалыс дәрежесіне жетіп, үлкен саяси күшке айналды. Еліміздің жалынды жастарының дені жасотандықтардың қатарында», – дейді Гаухар Төремұратқызы.

Г. Алдамбергенова іргелі саяси ұйымның 20 жылдығы аясындағы тарихи съезд саяси ұйымның одан əрі жаңғыруына серпіліс берері анық ендігін айтады.

«Алдымызда үлкен мақсаттар, биік белестер бар. Олардан алқынбай асу, белестерді  бағындыру – біздің өз қолымызда. Мызғымас бірлік пен тынымсыз еңбек, жасампаздық пен жаңашылдық, жауапкершілік бар жерде ғана іргелі істер жүзеге аспақ», – деді университет ректоры.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада «Алтын тақ»
Өзгелердің жаңалығы