Алдағы жылдары 37 оқушылар сарайы және 63 өнер мектебі салынады

2023-2027 жылдар аралығындағы Жол картасы аясында 100 қосымша білім беру нысанының құрылысы жоспарланып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

37 оқушылар сарайы және 63 өнер мектебі.

Оның ішінде 2023 жылы 9 оқушылар сарайы, 2024 жылы — 13, 2025 жылы — 20, 2026 жылы — 24, 2027 жылы — 34 нысан пайдалануға беріледі.

Құрылыс балаларға арналған өнер және шығармашылық саласында білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға баса назар аудара отырып, кезең-кезеңімен жүргізілетін болады.

Бұл нысандар оқушылар мен жас таланттарды дамыту үшін қосымша мүмкіндіктер ұсына отырып, мәдени және білім беру кеңістігін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы