Алдағы жылдар еліміз үшін күрделі болмақ – Айдос Сарым

Жұрт үкіметтен не күтіп отыр? Бұл туралы Мәжіліс депутаты Айдос Сарым айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Жұрт елдегі реформалардың жалғасқанын, тоқтамағанын қалайды. Шын мәніндегі Әділетті Қазақстанның орнағанын қалайды. Ең бастысы қазақ қауымы осындай сын мен сынақтардың болмағанын, қайталанбағанын қалайды, – деді саясаттанушы.

Сөзінше, бұны жазда өткен тарихи референдум мен күздегі президенттік сайлау айқын паш етті.

Қаңтар трагедиясынан шынайы сабақ алғанымыз рас болатын болса, онда Мемлекет басшысы бастаған реформалардың аясында бірігіп, жігер танытып, елдік ісін бұрыннан бетер энергиямен іске асыруымыз шарт. Алдағы жылдар Қазақстан үшін күрделі жылдар болмақ. Әлемдегі жағдай да, геосаяси түйткілдер мен тәуекелдер саны еселеп артып келеді. Қазақтың бұл заманда жайбарақаттанып, еркелейтін еш жөні жоқ, – деді спикер.

Сарымның атап өтуінше, ендігі кезде сыртқы қауіпке төтеп беретін, елін қорғауға қабылетті жаңарған Ұлттық армия, жаңа дәуірге лайықты, ел азаматтарына қорған Ұлттық сот, Ұлттық полиция, Ұлттық күштік құрылым қажет.

Осыны қамтамасыз етсек қана Қаңтар трагедиясынан сабақ алғанымыз рас болады, – деді Айдос Сарым.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы