Алдағы үш жылда май өнімдерінің түсімі 700 млн АҚШ долларына жетеді
Бұл туралы «FOC 2024: Fats and Oils Conference» Үшінші Халықаралық май конференциясында айтылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Мамандардың айтуынша, шикізаттық емес экспортты 2 есеге ұлғайту жүзеге асып келе жатыр.
МДҚӨҰҚ бағалауы бойынша, алдағы үш маусымда қазақстандық май өнімдерінің жалпы валюталық түсімі 700 млн АҚШ долларынан асып, 2028 жылға қарай 1 млрд АҚШ долларына жетуі мүмкін. 2022/23 маркетинг жылындағы практикалық көрсеткіш 509 млн АҚШ долларына жетпек. Отандық май саласының ішкі және сыртқы нарықтардағы ұстанымдарын сақтау және нығайту үшін әртүрлі факторлардың, соның ішінде әлемде болып жатқан геосаяси және климаттық өзгерістердің әсерін ескеру қажет. Мемлекет басшысының 2025 жылға қарай шикізаттық емес экспортты 2 есеге ұлғайту жөніндегі міндеті орындалды, - дейді Қазақстанның майлы дақылдарды өңдеушілер ұлттық қауымдастығының төрағасы Ядыкар Ибрагимов.