Алдағы үш тәулікте күн құбылмалы болады
Қазақстан аумағы бойынша 2024 жылғы 16-18 наурызға арналған ауа райы болжамын "Қазгидромет" РМК жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алдағы үш тәулікте батыста, солтүстік-батыста, аптаның соңында шығыста, 17-18 наурызда Қызылорда облысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа-райының тұрақсыз сипаты күтіледі.
Жауын-шашын мен қар аралас жаңбыр болжануда.
18 наурызда Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында, 17 наурызда Маңғыстау облысында күндіз қатты жаңбыр күтіледі.
Жауын-шашынсыз ауа райы 16-17 наурызда Түркістан облысында, 17-18 наурызда еліміздің солтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық облыстарында, 18 наурызда Қазақстанның шығысында болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, солтүстікте, шығыста, орталықта жаяу бұрқасын күтіледі.
Ауа температурасы республиканың оңтүстік жартысында 8-20 градус жылыға дейін, солтүстік жартысында 0-8 градус жылыға дейін біртіндеп жоғарылайды.