Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
"Қазгидромет" РМК Қазақстан бойынша 24-26 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Белгілі болғандай, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады.
Таяудағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде циклонның ықпалымен тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. 24 қазанда республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, - делінген хабарламада.
Республика бойынша желдің күшеюі, тұман және көктайғақ құбылыстары күтілуде. Температуралық режимде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодар облысында мемлекеттік жерлер заңсыз иеленген
Келесі жаңалық
Бірнеше өңірлерде дауылды ескерту жарияланды
Өзгелердің жаңалығы