Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер еліміз бойынша алдағы үш күнге, 9-11 ақпанға арналған ауа айы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оңтүстік және шығыс өңірлерде оңтүстік циклон жырасының ықпалымен; солтүстігінде және солтүстік – батысында-Салехард аудандарынан циклон жырасымен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 9 ақпанда жауын–шашын, 10 ақпанда қар жауады.
Сондай-ақ, аталған өңірлерде көктайғақ болады.
Республика бойынша тұман, жаяу бұрқасын және желдің күшеюі болжанады. 11 ақпанда батыс антициклонының жотасы оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарға ауысады, соның әсерінен жауын-шашын біртіндеп тоқтап, түнгі температура 8-21 аязға дейін төмендейді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Өзгелердің жаңалығы