Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 14, 15 және 16 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Иран аймақтарынан келетін жылы ауа массалары Қазақстанның барлық аумағына әсерін тигізеді.

Жылы ауа массасы жазғы ауа температурасын әкеліп, Қазақстанның бүкіл аумағына әсер етеді. Тіпті еліміздің солтүстігінде термометр бағаны күндіз 30-35 градус болады. 15 шілдеден бастап батысқа қарай, ал 16 шілдеден бастап Солтүстік циклон елдің солтүстігіне әсер ете бастайды, бұл ауа температурасының аздап төмендеуіне әкеледі, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы