Алдағы үш күн жауынды болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстігінде, орталығында, шығысында және оңтүстік-шығысында тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

"Жаңбыр жауады, шығыста кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнап, желдің күшеюі күтіледі. Кей ауданда бұршақ жаууы ықтимал. Республиканың батыс, солтүстік-батыс және оңтүстігіне Архангельск ауданынан антициклон әсерін тигізіп, соның ықпалынан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, ауа температурасы біртіндеп 30 - 41°С дейін жоғарылайды", - делінген таратылған ақпаратта. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы