Алдағы үш күнде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аптаның соңы 17-19 қазанда республиканың басым бөлігі әлі де кең антициклонның ықпалында болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Еліміздің көп аймағында жылы және жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек елдің солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарына Обь өзенінің теңізге құйылған жерінен циклон әсер етіп, бұл жауын-шашын, желдің күшеюі, сондай-ақ ауа температурасының одан әрі көтерілуіне әкеледі.
Алайда, 18 қазанда Солтүстік-батыс антициклонының басып кіруінен туындаған суық елдің солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарына келеді.
19 қазанда ол елдің орталығы мен шығысына жетеді. Ауа температурасының күрт төмендеуі түнгі уақытта 0-8 аязға дейін, күндіз 5-15 жылыға дейін күтіледі, кей жерде жаяу бұрқасын, тұман, жолдарда көктайғақ болжануда. Қазақстанның қалған аумағында жылы және негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Еліміздегі медицина саласына қандай мамандар жетіспейді?
Өзгелердің жаңалығы