Алдағы үш күнде ыстық ауа райының беті қайта ма
Қазақстан аумағы бойынша 2024 жылғы 20-22 маусымға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"Қазгидромет" синоптиктерінің болжамынша, батыста аптап ыстық басылып, жаңбыр жауады.
Алдағы күндері Қазақстанның батысында бірнеше күн бойы қалыптасқан аптап ыстықтың беті қайтады, 22 маусымда жауын-шашынның әсерінен ауа температурасы өзінің климаттық қалпына оралады. Еліміздің солтүстігі мен орталығында жауын-шашын аздап тоқтағаннан кейін, жаңбыр жауады, найзағай, кейбір аймақта қатты жаңбыр, бұршақ және қатты дауыл соғады деп күтілуде. Ал республиканың оңтүстігіндегі таулы аудандарда күндізгі конвекция әсерінен әлі де тұрақсыз ауа райы болады. Тек шығыс аймақтарда айтарлықтай жауын-шашын болмайды, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Баспана алатындар көбіне қандай қателіктер жібереді
Өзгелердің жаңалығы