Алдағы үш күнде найзағай ойнап, жел соғады

Қазақстан синоптиктері 26-28 қыркүйек күндері қандай ауа райы болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Болжам бойынша, таяу күндері еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында солтүстік циклон ықпалымен тұрақсыз ауа райы сақталып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады. Тек Қазақстанның батысында солтүстік-батыс антициклон ықпалымен ауа райы жауын-шашынсыз болатыны болжанып отыр.

Түнде және таңертең республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында тұман күтіледі. Елдің шығысында түнде 1-3 градусқа дейін аяз сақталады. Ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - Архив
Өзгелердің жаңалығы